Астанадағы ЭКСПО: Қазақстан қонақтарды таңғалдыруда
25 маусым 2017
«ЭКСПО-2017» қонақтары мен қатысушылары халықаралық көрме алаңындағы Қазақстан павильонына үлкен қызығушылық танытып жатыр. Қазақстандық «Нұр Әлем» павильоны - көлемі және мазмұны бойынша көрменің ең ауқымды әрі орталық нысаны. Бұл диаметрі 80 метрге жететін шар түрінде жасалған әлемдегі жалғыз ғимарат. Павильон 8 қабаттан тұрады.