Прима-балерина Әйгерім Бекетаеваның өмірінен бір күн
19 қаң. 2020
Олар өзінің харизмасымен, жұқа қолының әсем иілуімен, әуе қозғалысымен залдағы барлық қатысушыларды таң қалдырады. Сахнада балериналар фуэтені оңай айналдырады. Спектакль бойы көрермендерге би сезімін сыйлауға тырысып, барлық дене күші мен ауырсынуды жарқын күлімсіреудің артында жасырады. Балеринаның үлкен залда өнер көрсетуін бақылай отырып, біз кейде қойылымға дайындалуға қанша уақыт кететінін ойламаймыз. «Қазақпарат» АА тілшісі сахнаға шығып, балеринаның бір күні қалай өтіп жатқандығы туралы айтып берді. Материал кейіпкері - «Астана Опера» театрының прима-балеринасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Бекетаева.