Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) алтыншы саммиті - фото 1

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) алтыншы саммиті

12 қаз. 2022

2022 жылғы 12 қазанда Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Алтыншы саммиті өтті. Саммитке 52 делегация, соның ішінде 13 мемлекет және үкімет басшылары, бақылаушылар мен серіктес ұйымдар қатысты. Саммиттің басты нәтижесі АӨСШК-ні толыққанды өңірлік халықаралық ұйымға айналдыру туралы Астана мәлімдемесін қабылдау болды, бұл Қазақстанның стратегиялық мақсаты болып табылады.