«Ұлттық парктер – ұлттық байлығымыз»

26 там. 2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде көшпелі және ішкі экотуризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша ерекше қорғалатын аумақтар айқындалды. Сондай-ақ Президент 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ұлттық парктерді жетілдіруді тапсырды. «Ұлттық парктер – ұлт байлығы» деректі фильмінде ерекше қорғалатын аумақтарда қызмет атқаратын инспекторлар жұмысы, ұлттық парктердің туристік мүмкіндігі, Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесі қамтылады.